1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалар- бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік шара өтті.
Шараға «Айналайын» балалар үйінің және «Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» білім алушылары арнайы қатысып, оларға «Балалар әлемі – таңғажайып әлем» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Бақжұлдыз» медиа орталығының білім алушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Балаларға арналған мерекелік шарада Көксу ауданының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмабала Балақаранова ізгі тілектерін білдіріп, ұстаз, ақын, балалар жазушысы Нұржан Кәпқызы балаларға арнап шығарға кітаптарының 10 данасын кітапханаға сыйға тартты.
Мерекелік шарада «Қызықты сұрақтар әлемі», «Қораптағы сөз», «Фобия», «Саусақ ұшымен сезіну», «Сool dance», «Сиқырлы қылқалам», «Біз бақытты баламыз», «Патш...
|